Костенко шахтасында опат болған 17 кеншінің отбасына мемлекеттен арнайы жәрдемақы тағайындалды. Қайтыс болған 46 кеншінің 21-нің артында әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж жақындары бар екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің мәліметінше, әзірге 17 кеншінің отбасына арнайы жәрдемақы тағайындалды. Асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік бюджеттен берілетін көмектің көлемі 37 мыңнан 111 мың теңгеге дейін белгіленеді. Бұл жәрдемақыны 8 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін кеншінің жесірі де алады.
Екінші төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен болады. Кеншінің осыған дейін алып келген жалақы мөлшерімен есептеліп, 56 мыңнан 272 мың теңгеге дейін төленбек. Аталған жәрдемақы қаза болған кеншілердің балалары 18 жасқа толғанша беріледі. Ал бала жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімге түссе, 23 жасқа дейін ай сайын төленеді.
Костенко атындағы шахтада қаза тапқандардың деректері мен фотолары жарияланды
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз