- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайырылымдыққа ақша жинайтын...
Қайырылымдыққа ақша жинайтын блогерлердің мобильді аударымы тексеріле ме?
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қайырылымдыққа ақша жинайтын блогерлердің мобильді аударымы қандай жағдайда тексерілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында вице-министрге "Бүгінде блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Олар әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұтыс ойнатып, қайырымдылық қорына ақша жинайды. Олардың мобильді аударымы тексеріле ме?" деп сұрақ қойылды.
Ержан Біржанов енді блогер жиналған ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын дәлелдеуі керектігін атап өтті.
"Блогерлер ғана емес, басқа азаматтар осылай ақша жинауы мүмкін. Бұл қаражат баланың еміне арналса және мобильді аударым 100-ден асса, ендігі жылы бізге тиісті мәлімет түседі. Сонда біз бұл адамға арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер "Иә, мен қаңтар, ақпан, наурызда осындай ақша жинадым. Кәсіпкерлік мақсатта емес, ақшаны осы бағытта жұмсадым. Жіберілген ақшаның реквизиті бар" деп өзіне аударылған ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын түсіндіріп беруге тиіс. Мұндай жағдайда оған адамға сұрақ туындамайды, салық міндеті туындамайды.
Жалпы ақша жинайтын адам қаржыны не үшін жинап жатқанын нақты білуге тиіс. Егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, салық міндеті болады. Қайырымдылыққа жиналса, адам ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, салық төлемдері пайда болмайды", - деді министрдің орынбасары.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz