Сот өз келініне пышақ сұққан әйелді 4 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Podrobno.uz.
Қайғылы оқиға 5 мамырда Ташкентте болған. Басылым мәліметінше, әйел кіші ұлының үйінде қонақта болған, ол пышақпен бақтағы шөпті тазалап жатқан. Оның сөзінше, келініне үйінің тазаланбағанын, тұрмысқа шығатын қызы өсіп келе жатқанын, кез келген сәтте құдалар келіп қалуы мүмкін екенін айтып, ескерту жасаған.
Оған жауап ретінде келіні қайын енесіне ауыр сөздер айта бастаған. Қорлыққа шыдай алмаған әйел келініне пышақ сұққан. Қан көрген кезде қайын енесі көмек көрсетуге тырысқан, кейін жедел жәрдем шақыру үшін көршілеріне жүгірген.
Туысқандары қайын енесі мен келіні бұған дейін де ұрысқанын, бірақ бір-біріне бірінші рет қол көтергенін айтқан.
Көмек көрсетілгеніне қарамастан, әйел төрт күннен кейін ауруханада қаза болған. Оның артында үш баласы қалған, ең кішісі - 6 айлық. Ал әйелдің қайын енесі 4 жылға бас бостандығынан айырылған.