Қайтыс болғаннан кейін де табысы тоқтамаған адамдар

Forbes басылымы кейінгі бір жылда қайтыс болғаннан кейін де табысқа кенелген танымал адамдардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Breaking Trends Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Бірінші орын 1973 жылы қайтыс болған "Сақиналар әміршісі" романының авторы Джон Рональд Толкинге бұйырды. Ол зияткерлік меншігін сату арқылы 500 миллион доллар тапты.

ria.ru

Келесі орында аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тұр, оның үлесін BodyArmor спорт сусынын шығаратын компаниясына сатқаннан кейін бюджетіне 400 миллион доллар түскен.

Getty Images

Ал Элвис Преслидің жылжымайтын мүлкі оған 110 миллион доллар табыс әкелді. Табыстың басым бөлігі экскурсия билеттерінен және кәдесыйлардан түскен. Ал қайтыс болған соң, Майкл Джексонның үйі 75 миллион долларға сатылса, Леонард Коэннің үйі 55 миллион долларға сатылған.

globalmsk.ru

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!