Ақтөбеде бір жасар сәбидің өліміне қатысты құрылған комиссия өз қорытындысын жариялады. Олар жауапты мекемелер тарапынан тиісті бақылау болмағанын мойындайды. Бірақ баласы үшін тек ата-анасы кінәлі деп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Ақтөбе полициясы ішімдікке құмар отбасында қайтыс болған бір жасар балаға қатысты істі тергеп жатқаны хабарланған болатын. Ресми сараптамаға сәйкес, сәби жүрек жеткіліксіздігіне байланысты қайтыс болған.
Шетінеген сәбидің табытының қасында бұратылып жатқан төрт жасар баланы еріктілер тауып алған. Ата-анасының араққа салынғаны сонша, мәйітті көмуге де мұршасы болмапты. Кейін тексеру кезінде маскүнем ананың бірнеше жыл бұрын тағы бір баласының шетінегені белгілі болды. Ол да ауырып қайтыс болған. Учаскелік дәрігерлер бұл отбасының үнемі көшіп-қонып жүретінен айтады.
Қайтыс болған інісін оятып, бірге алып кетуді өтінген: көршілері отбасы туралы тың деректер айтты
Сондықтан балаларына екпе де салынбаған. Ал қамқоршы комиссиясы мен тәртіп сақшыларының әлеуметтік жағдайы төмен мұндай отбасыларды тексеруге қатысты нақты ереже жоқ екен. Яғни жауаптылардың қанша күн сайын тексеріп, балалардың жағдайын қадағалап тұруы нақтыланбаған. Сондықтан балалар құқығына жауапты уәкілдің айтуынша, ешкімді жазалай алмайды екен.
"Біздің қателігіміз бар. Оны мойындау керек. Бұлардың мемлекеттің қарауында болу керек. Ол шарт және ол қамқорлық әлсіз тұстары бар екенін көріп отырмыз. Осы оқиға соның дәлелі", - дейді Ақтөбе облысы балалар құқығын қорғау уәкілі Еділ Аймағанбетов.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болғаны хабарланған еді. Волонтерлер ішімдік ішетін отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін, сонымен бірге мас ересектерді көрген. Үйдің астан-кестені шыққан, ішерге тамақ болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!