Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді? Бұл сұраққа заңгер Бердімұрат Хасенұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңнама бойынша адамның мұрасы 6 айдан кейін ашылады.
"6 айдан кейін қайтыс болған адамның мұрасы болса, мұрагерлерінің арасында мүлкі бөлінеді. Осы мүлік бөлінген кезде қайтыс болған адамның берешегі банк немесе микроқаржылық ұйым сол мұрагарлерінен талап етеді. Ол заңнама бойынша дұрыс. Бірақ қайтыс болған адамның басында мүлік, ешқандай мұра болмаса, мұрагерлері ешқандай игілік алмаса, материалды онда банк олардан талап етуге құқылы емес. Банк берешекті өзі жабуы керек. Адамның қайтыс болуына байланысты кредиттік шарт тоқтатылады", - дейді заңгер.
@zanger.berdimurat Осындай сұрақтар легі көп. Толықтай жауап бердім деп ойлаймын… #заңгер #юрист #құқық #рекомендации #рек #рекомендации❤️ #адвокат #юристы #кредит #кредитыдолги ♬ Da Girls - Ciara
Яғни қарыз бен несие де мұра болып саналады. Бірақ ескере кететін бір жайт: мұраны алу не алмауды адамның өзі шешеді. Егер адам мұрагерліктен бас тартса онда қарызды да төлемейді.
Ал егер адам мұрадан бас тартпай, оны алса, қолға тиген мұраның құнынан аспайтын соманы ғана төлейді. Яғни қайтыс болған адамның қарызы 1 миллион ал мұрасы 500 мың болса, тек жарты сома өтеледі.
Кейде қарызды сақтандыру компаниясы мойнына алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!