- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайтыс болған адамның...
Қайтыс болған адамның кредитін кім төлейді? Заңгер жауабы
Қайтыс болған адамның кредитін кім төлейді? Бұл сұраққа заңгер Бердімұрат Хасенұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, артындағы мұраны алып, мұрагер деп танылған адам кредитті төлеуге міндетті. Ал артында ешқандай мұра қалмаса, банк ол кредитті өздері жабады.
"Заңнама бойынша, адам қайтыс болғаннан кейін оның мұрасы 6 айдан кейін ашылады. 6 айдан кейін егер ол адамның мұрасы болатын болса, мұрагерлердің арасында мүлкі бөлінеді. Осы мүлік бөлінген кезде ол адамның берешегі бар банк немесе микроқаржылық ұйым оны сол мұрагерлерінен талап етеді және ол заңнама бойынша дұрыс. Бірақ адамның басында мүлік, ешқандай мұра қалмаса, мұрагерлері ешқандай материалды игілік алмаса, онда банк олардан талап етуге құқылы емес. Банк ол берешекті өзі жабу керек. Адамның қайтыс болуына байланысты кредиттік шарт тоқтатылады", - деп түсіндірді заңгер.
Кредитті ұзақ мерзім жаппай жүре беру дұрыс емес. Заңгер барынша кредит алмауға, алса да мүмкіндігінше тез жабуға әрекет етуге кеңес берді.
Кредит төлей алмай жүргендердің ТОП 3 қателігі
А. Жапатова