- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайтып онда келгісі...
"Қайтып онда келгісі келмей қалады". Депутат елдегі туризм саласын сынға алды
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі туристік саланы жүйелі дамыту мәселесінің көтеріліп келе жатқанына көп жылдар болғанын, алайда сол түйткілдер шешімін таппаған күйі жылдан-жылға жалғасып келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шындығы керек, туристік салада орындардың жетіспеушілігі, демалу құнының көпшілікке қолжетімсіз болуы, бағаға сапаның сай болмауы, сервистіңнашарлығы және инфрақұрылымының жетіспеуі айтыла-айтыла жауыр болды. Біле-білсек, туризм – денсаулықты нығайтуға мүмкіндік, табыстың қайнар көзі, мыңдаған жаңа жұмыс орындары. Мәселен, қазіргі таңда әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асқан.
Ал еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз. Кейінгі төрт жылда экономика құрылымындағы туризмнің үлесі едедәуір азайып, небәрі 3% пайызды құрап отыр. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен үш есе төмен. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі екен. Яғни, әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр", - дейді Жаңбыршин.
Депутат негізгі қолбайлау - мемлекет тарапынан туристік бизнесті оңтайлы қолдаулардың болмауынан екенін айтады.
"Мысалы елімізде мал шаруашылығын, өңдіріс саласынқаржылай қолдайтын неше түрлі институттар мен бағдарламалар бар. Алайда туризм бизнесін дамытуға бағытталған нақты бір қаржы көзі жоқ, ал банктер бұл саланы қаржыландыруға құлықсыз. Сонымен қатар, инфрақұрылымның жетіспеушілігі, яғни жөндеу көрмеген сапасыз жолдар мен көлік қатынасының қиындығышалғайда орналасқан туристік орындарға жетудіөте қиындатып отыр. Шұрқ-тесік жол қажытқан жолаушылардың демалыстан алған әсері су сепкендей басылып, енді қайтып онда келгісі келмей қалады", - дейді Еділ Жаңбыршин.
Депутат әйгілі Алакөлге апаратын жолдың өзі әлі толық жөнделіп бітпей жатқанын айтты.
"Сонымен қатар, жазда демалушылар легі көп болғандықтан, поездарға билет тапшы. Оған қоса, жолаушылар вагондарының да көбінің тозығы жеткен. Ал туристік санаттағы пойыздар атымен жоқ. Туристерді таситын автобустарды ұмытқанымыз қай заман?! Ал ұшақтар бағасы да аспандап, қарапайым демалушыларға қолжетімсіз болып тұр. Еліміздегі әуе тасымалында лоукостерлердің үлесі 21-ақ пайыз екен. Мысалы, Грузияда лоукостерлер 56 пайызды құрайды.
Сондықтан азаматтық авиация саласы осы мәселені де ойластырғаны жөн. Сонымен бірге, тартымды туристік пакеттер дайындап, оларды насихаттау жағы да кемшін. Сырттан келушілерді былай қойғанда, ішкі туризмнің де әлеуеті жеткілікті пайдаланылмай жатыр. Тіпті елімізде балалар лагерінің өзі мүлдем жетіспейді. Олар бар болғаны балалардың 10-ақ пайызын қамтиды екен", - дейді депутат.
Айтылғандарды ескере отырып, Үкіметке туризмді дамыту бойыншакелесі шараларды ұсынады:
- Дәстүрлі ауылшаруашылығымыздыэтно, эко және гастрономиялық туризм нысандарына айналдыру бойынша қолдаулар көрсету. Өйткені қазір бұзылмаған табиғат пен таза тамақ өнімдеріне сұраныс артып келеді.
- Туризм саласын несиелендіруге арналған бағдарлама жасап, қаржы институттарын анықтау;
- Жыл аяғынан дейін Мемлекет басшысы айқындағы туристік аймақтардыңәр қайсысынан кемі үш ауқымды жаңа жобаларды анықтап және құрылысын бастау;
- Ағымдағы жылдың аяғына дейін Мәжіліске келіп Президенттің туризм саласына байланысты берген тапсырмаларыныңорындалысы туралы есеп беру.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина