Түркістан облысында қайтарымсыз несие алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті әйел жәбірленушіден мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінің айтып, алдын ала 500 мың теңге алғаны белгілі болды.
Тексеріс барысында тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас 3 жайтқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеге жуық. Күдікті әйел алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазір оған қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін жиһаз жасаймын деп алматылықтарды алдаған алаяқ сотталғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!