Қайтарылған активтер: бір өңірге қомақты қаржы бөлінді

Қайтарылған активтер: бір өңірге қомақты қаржы бөлінді
Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде 11 сумен қамту жобасы бар.

"16 жоба ауылды жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға бағытталған. Олардың қатарында Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарындағы фельдшер-акушер пункттері, амбулаториялар мен медициналық пункттер құрылысы бар", - деп жазылған хабарламада.

Қазір Батыс Қазақстан облысында 15 жоба толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі, ал қалған екеуін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget