Қайтарылған активтер: 5,5 млрд теңге қайда жұмсалады?

Қайтарылған активтердің 5,5 млрд теңгесі БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға бағытталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді. 4,3 млрд теңге 9 нысанға бөлінеді.

  • 1,8 млрд теңге 1,7 мыңнан аса тұрғыны бар Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ салу арқылы сумен жабдықтаудың магистралды жүйелерін салуға;
  • 2,5 млрд теңге Теректі, Қаратөбе аудандарының 8 ауылында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында сумен жабдықтау желілерін салуға бағытталды.
  • Сондай-ақ, Бәйтерек ауданы Кирсанов ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге бағытталады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!