Қайтарылған активтердің 5,5 млрд теңгесі БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға бағытталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді. 4,3 млрд теңге 9 нысанға бөлінеді.
- 1,8 млрд теңге 1,7 мыңнан аса тұрғыны бар Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ салу арқылы сумен жабдықтаудың магистралды жүйелерін салуға;
- 2,5 млрд теңге Теректі, Қаратөбе аудандарының 8 ауылында, сондай-ақ, Бәйтерек ауданында сумен жабдықтау желілерін салуға бағытталды.
- Сондай-ақ, Бәйтерек ауданы Кирсанов ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге бағытталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова