Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.
"Бұл жобалар Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды, Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Нысандарды 2025 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова