Қайтарылған актив: Аралда су жүйелері салынды

Қайтарылған актив: Аралда су жүйелері салынды
Фото: depositphotos.com

Арал ауданында қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа су жүйелері пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысының Арал ауданында Тоқабай және Ерімбетжаға ауылдарында жаңа су жүйелері іске қосылды.

Әлеуметтік нысандар мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынды.

Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды тасымал арқылы пайдаланып келгені белгілі, бұл олардың күнделікті тұрмысына айтарлықтай қиындық тудырған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget