"Қайталамаңыз!" Алматыда басын ойып, өзіне чип салып алған ер адам туралы не белгілі?

"Қайталамаңыз!" Алматыда басын ойып, өзіне чип салып алған ер адам туралы не белгілі?
Фото: Михаил Радуганың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Желіде өз-өзіне ота жасап, басына чип салған ер адам туралы ақпарат тарады. Ол басын ойып, ота жасағанын растады. Ер адам ота кезінде ажал құша жаздаған. Оның айтуынша, мұның барлығы - түс көріп жатқанда ми жұмысын бақылау үшін жасалған тәжірибе. Massaget.kz тілшісі бұл ер адамның кім екенін анықтап көрді. 

Ресейлік зерттеуші түс көруін басқара аламын деген үмітпен миына чип орнатқан. Ол оны ешкімнің көмегінсіз, бұдан екі ай бұрын Алматыдағы үйінде басын дрельмен ойып, ота жасаған. Оның айтуынша, ол ота кезінде бір литрден аса қан жоғалтып, өмірін қатерге тіккен. 

Михаил Радуга деген кім?

Михаил Радуга өзін түс зерттеушісі деп атайды. Оның сөзінше, адам санасы арқылы тіпті көріп жатқан түсін басқара алады.

Ол 1983 жылы 1 шілдеде Жаңасібірде дүниеге келген. 1999 жылдан бастап түрлі тәжірибе жасаумен қызыққан. Ол - денеден тыс саяхат мектебінің (2007) және Фазалық зерттеу орталығының (2007) негізін қалаушы. Оның бұл тақырыпта жазылған 16 кітабы бар.

Ол тіпті АҚШ-та да өз тәжірибелерін өткізген. 

"Құрметті достар! Денеден тыс тәжірибесін алғаш рет мектепте сезіндім. Ол кезде мен Сібірде тұрып, беймәлім құбылыстарға әуес едім. Дегенмен дәл осы құбылыс есімде қалған ең жарқын тәжірибе болды. Бұл тақырыпқа қызығушылық танытып, өзімнің жеке зерттеуімді бастадым. Сонымен қатар, мен ұйқының REM (ұйықтап кеткенде мидың белсенді жұмыс істеп жатқан кезі - еск.) кезінде мида сана орталықтары қосылатын құбылыстардың бүкіл кластерін біріктіру үшін "фаза" терминін ойлап таптым", - дейді ол. 

Зерттеушінің айтуынша, адам ұйықтап жатқанда, түс көріп жатқанда өз денесінен тыс саяхаттай алады. Ол мұндай тәжірибелерді АҚШ-та өткізгенін айтты. 

Михаил Радуганың ресми сайтынан

Зерттеуші басын ойып чипті қалай салды?

Михаил Радуга басына жасаған отаның қалай өткенін, отаны қандай мақсатта жасағанын бөлісті. 

"Өз-өзіңе нейрохирург немесе "қолдан келмейтін нәрсе жоқ" деген не? 2023 жылы 17 мамырда Алматыда ешкімнің көмегінсіз өзіме трепанация (бас сүйегін тесіп операция жасау - еск.), электродтар орнату және мидың моторлы қабығына электр стимуляциясын жасадым.

REM ұйқы фазасында (ұйықтап кеткенде мидің белсенді жұмыс істеп жатқан кезі - еск.) миды ынталандыру эксперименті менің басты мақсатым болды, мен оған бір жарым жыл дайындалдым. Алғашында басыма имплантты нейрохирургтер орнатады деп жоспарлағанмын, бірақ қылмыстық қауіптерге және басқа да белгілі жағдайға байланысты бұл тұрғыда зерттеудің болашағын көрмедім. "Теңіз жағасында қолайлы кезеңді күту" немесе кез келген жағдайда нәтиже алу дегенде өзім үшін жалғыз нұсқаны таңдадым. Адамның мүмкіндіктері туралы идеяны сәл кеңейту қажет болды.

Қайталамаңыз! Бұл сіз ойлағаннан әлдеқайда қиын және қауіпті. Операцияның 4 сағаттық видеодан бұл анық көрінеді. Маған операция жасаудың тәжірибесі жетіспеді, бұл көп қан жоғалтуға және басқа да асқынуларға әкелді", - деп жазған ол. 

Михаил Радуганың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ер адам бұл қадамға неге барды?

Михаил Радуга басына имплантты не үшін салғанын түсіндірді

"Саналы түс көруге имплант: тұжырымдама сыналды. Тарихта алғаш ұйқының REM фазасында түс көру және түс көргенде бастырылу кезіндегі ми мотор қыртысының тікелей электр стимуляциясын жасадық. Бұл нәтижелер болашақта саналы ұйқыны басқару технологиялары үшін керемет перспективалар ашады", - дейді ол. 

Сондай-ақ, зерттеуші бұл тәжірие үшін қандай қатерге бас тіккенін айтты. 

"Тәжірибенің құны қандай? Біздің жағдайда мұндай іргелі зерттеулер ешнәрсеге қарамастан және қателіктерге қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін. Көп жыл бойы бюрократия немесе түрмеде отырмау үшін имплант маған салынды. Екі нейрохирургия болды. Мен бірнеше рет өлім аузында болдым. 5 апта апта бойы антибиотиктер іштім. Жарты жыл уақытым кетті. Миллиондаған шығындар. Мүгедек десем де болады және өмірге әсер еткен салдар. Мен мұның барлығынан саналы түрде өттім, сондықтан мен бақыттымын", - дейді ол. 

Михаил Радуганың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам бұрғының көмегімен басына ота жасағанын хабарланған еді.

Ол YouTube-тан нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді сағаттап зерттеп, тіпті бес қойға тәжірибе жасап көрген. Кейін ер адам құрылыс дүкенінен бұрғы сатып алып, ойын іске асырған. Ол басын бұрғылап, терісін қағаз қыстырғыштармен бекітіп, миына электродты енгізген. Ер адамның айтуынша, операция кезінде хирургиялық тәжірибенің жоқтығынан бір литрге жуық қан жоғалтып, ғажайып түрде аман қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек