- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайтадан жарасып кетейін...
"Қайтадан жарасып кетейін деп жүр-ау". Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұрдың видеосы көпшілікті сүйсінтті
Актер Дәурен Айдарқұлов пен бұрынғы әйелі Ақбота-Нұрдың видеосы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tik-Tok желісінде жарияланған видеода актер бұрынғы әйелі туралы ойын және ортада балалар болған соң экс-келіншегін жиі көріп тұратынын айтқан.
@m.ayeken #@Akbota-NUR | LIVE #акботадаурен ♬ оригинальный звук - m.ayeken
"Рақмет, Ақбота! Менің серіктесім. Алла разы болсын саған. Үйде болмаса да, тойда жиі көрісе берейік. Негізі өте жиі көрісіп тұрамыз. Ортада балаларымыз бар", - деді актер Дәурен Айдарқұлов.
Желі қолданушылары ажырасып кетсе де, бір-біріне деген құрметі өшпеген жұлдыздарға тәнті болып, пікір білдірген.
"Ақбота әлі жақсы көреді-ау", "беттері ашылып кеткен ғой", "бұл да бір сыйластықтың белгісі, біраз адамға үлгі ғой", "Ақбота,сен сұлусың,керемет үйленбеген жігіт тауып аласың", "оқыған, көзі ашық деген осы, басқа адам болса, әйелді жүргізіп-тұрғызып, артынан өсек айтып тастар еді", "қосылсаңдаршы", "қайтадан жарасып кетейін деп жүр-ау", "екеуі қандай тамаша жұп болар еді", "ортада бала болғасын сыйласып тұру керек" деп жазды олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы