“Қайта ұрланса, күлкіге қаламыз“. Антикор қайтарылған активтер туралы

“Қайта ұрланса, күлкіге қаламыз“. Антикор қайтарылған активтер туралы
Фото: Midjourney

Елімізде әлеуметтік нысандар салуға жұмсалып жатқан қайтарылған активтер тағы да ұрланса, Қазақстан "күлкіге қалмақ". Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде Ұлан Сарқұловтан елге қайтарылған заңсыз активтер "тағы ұрланса" не болатыны сұралды.

"Өте жақсы, өте өзекті сұрақ. Мемлекет басшысы айтқан әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалатын қайтарылған қаражат тағы бір рет ұрланса, күлкіге қаламыз", - деп жауап берді Ұлан Сарқұлов.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқаны хабарланды. Осылайша Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді.

Бүгінде Үкімет арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлген.

Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget