- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайта тіріліп келмейді"....
"Қайта тіріліп келмейді". Блогер Әсел Асқар марқұм ұлы туралы айтты
Отандық блогер, тележүргізуші Әсел Асқар марқұм ұлының қазасы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына келген сұрақтарға жауап беру барысында айтты. Оқырмандарының бірі блогерден ұлының не себепті қайтыс болғаны туралы сауал жолдаған.
"Бұл тақырыпты қозғамай-ақ, қояйықшы, себебі бұл мен үшін ауыр тақырыптардың бірі. Мен өзім үшін бұл сұрақты жауып тастадым. Мен бұл тұңғиық сұрақтың ішіне батқым келмейді, бәрібір ол қайта тіріліп келмейді", - деп жазды Әсел Асқар.
© instagram.com/assel.askar
Сондай-ақ, блогер әлі де сәбилі болғысы келетінін жеткізді.
"Әрине. Бөпелі болғым келеді, сәбидің иісін аңсаймын. Маған ұқсайтын балам болғанын қалаймын. Айбарс маған қатты ұқсайтын еді. Мен сияқты аққұба, анамның айтуынша, иісі де бала кездегі менің иісіме ұқсайды екен. Біздің кішкентай кезіміздегі суреттерден ұқсастығымызды байқауға болады. Бет әлпеті, мимикасы тіпті мінезі де дәл менікіндей. Сәбилі болып сол кезеңдерді қайта бастан өткергім келеді. Бұйырса ол да болады", – дейді блогер.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Әсел Асқар анасына пластикалық операция жасатқанын жазған болатынбыз. Блогер ол операцияға қанша қаражат жұмсады? Сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы