Ақмола облысында 2,5 жыл бұрын жоғалған әйел табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Целиноград ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2021 жылғы мамырда отбасындағы жанжалдан кейін жоғалып кеткен қарт әйелді тапты.
Полиция қызметкерлері 1965 жылы туған жоғалған ақмолалықты Қарағанды облысының аумағында тапты. Целиноград ауданында тұратын ұлы мен келіні анасының жоғалып кеткені туралы полицияға арызбен жүгінген. Өздері де іздемек болған, алайда іздестірулері сәтсіз болған. Полицейлердің бастапқы іздеу шаралары қажетті нәтиже бермеді және осы бағыттағы жұмыс жалғасты, нәтижесінде әйелдің орналасқан жері анықталды.
Ақмолалық әйел көрші облыста жұмысқа орналасқан, ал болашақта отбасына қайта оралуды жоспарламайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!