Қайта қосылған Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым неге бөлек шыққанын айтты

Қайта қосылған Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым неге бөлек шыққанын айтты
Фото: instagram/jarkynaijarkinai

Жақында қайта қосылған жұлдызды жұп Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым отбасылық өмірдегі жаңалықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар кейінгі кездері әлеуметтік желіде белсенді бола бастады. Мұның сырын жаңа деңгейге шыққан қарым-қатынастың тәтті естеліктерін сақтап қалумен байланыстырады екен. 

Жұлдызды жұп бұл туралыRevue News бағдарламасына берген сұхбатта айтып берді. 

Рауза фильмінен жұлдызы жанған актер Айдар Асқарбек және әнші, актриса Жарқынай Ханайым отбасылық өмірі жаңа деңгейге өткенін жасырмады. 

"Бақытты сәтті өзгелермен бөлісуге дайын екенімізді сезінемін. Осыған дейін дайын емес едік, тіпті қалай монтаждауды, контент ұсынуды білмеген едік", - деп ағынан жарылды Айдар Асқарбек.

Олар үлкен шаңырақтан бөлек шыққандары туралы да атап өтті. 

"Өз ойыңды, өз пікіріңді айта аласың. Өз үйіңдегідей сезінесің", - деген актер бөлек шығудың артықшылығын сезінгенін айтты.

Үйдің тұңғышы болғандықтан, актер енші алуды о бастан ойлаған екен.

Уақыттарының көп бөлігі түсірілім алаңында өтсе де, Айдар мен Жарқынай қолдары қалт босаса, тұңғыштары Айлананы күтушіге қалдырмай, бірге уақыт өткізуді, түрлі мәдени шараларға баруды жөн санайды.

"Бұл да бала үлкендерден көріп үйренуі тиіс кішігірім мәдениет. Көпшілік ортаға қазірден үйрене берсін", - деді Жарқынай Ханайым.

Еске салайық, бұған дейін Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен қайта қосылғаны туралы жазған едік. 

Айта кетейік, 2021 жылы әнші Жарқынай Ханайым күйеуі актер Айдар Асқарбекпен ажырасқан болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева