Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр

Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр
Фото: instagram.com/qais_arr/

Блогер Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Қайсар Қамзаны Вьетнамнан елге экстрадициялау үшін сол елдегі тергеу аяқталып, сот шешімі күшіне енуі керек.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстаған еді.

ІІМ баспасөз қызметі

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден аса заңсыз табыс тапқаны, ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылғаны айтылды.

Блогер заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget