Қайсар Қамза ұсталғаннан кейін алғаш рет үн қатты

Қайсар Қамза ұсталғаннан кейін алғаш рет үн қатты
Фото: instagram.com/qais_arr/

Вьетнамда ұсталған танымал блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде видео жариялап, тұтқындалғаннан кейінгі жағдайын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қамза бұл туралы Instagram-дағы Stories-інде жариялады. Видеода блогер жақында Қазақстанға ұшып барып, кейін Вьетнамның Нячанг қаласына оралғанын айтады.

"Қазір экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, шешім күтіп отырмын. Ешкім қамап, соттаған жоқ. Көші-қон қызметі тек төлқұжатты алып қойды. Барлығы дұрыс болсын деп тілек тілеңіздер. Осыны айтқым келді. Жақсы күндерде кездескенше!" - деді блогер.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстаған еді.

ІІМ баспасөз қызметі

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден аса заңсыз табыс тапқаны, ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылғаны айтылды.

Блогер заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget