- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қайрекем "көжегім" деп...
"Қайрекем "көжегім" деп еркелететін". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі туралы тағы бір естелігін бөлісті
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы былтыр қарашада қайтыс болған күйеуі Қайрат Беркінбаев туралы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазба жариялады.
"Әлі есімде, жазып бітіріп, презентациясын өткізген күн еді. Кешке үйде барлығымыз жиналған уақыт. Қайрекең бөлмеге "қазір келемін" деп кеткен. Әлі жоқ, әлі жоқ. Шақырсам үндемейді. Біраз уақыт өтті. Бөлмеге кірсем, қолына кітапты ұстап, парақтап оқып тұр. Бетіме қарады да, "Мынауың не, Ләйлә?" деді. "Осының барлығын жазу керек пе еді?" дейді. "Алып таста" деп айта ма деп, уайымдап кеттім. Ішім алай-дүлей. Сөйтіп, артқа қайтар жол жоқ екенін, кітаптың шығып қойғанын түсініп, үндеген жоқ", - дейді ол.
Сондай-ақ, тележүргізуші неге күйеуінің көзінше кітабы туралы сөз қозғағысы келмегенін айтты.
"Бірақ кейін екеуміз барған жерде кітаптың тақырыбы басталып кетсе, оны басқа жаққа ауыстыруға тырысатынмын. "Айта бермесе екен" деген ой тұратын басымды. Содан бері 6 жыл өтіпті. Екі кітапта да жазылған оқиға тікелей өзіммен байланысты болғандықтан, екінші кітапта мені сіздерге одан әрі жақындата түсетін көжектің инициалы болғанын қаладым. Кейінгі күндері кітабым есіме түсіп, іздей бастадым. Дүкендерде де жоқ, өзім де бір данасын алып қалмаппын", - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті.
Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі "Барыс" мемлекеттік орденімен марапатталған еді. Қайрат Беркінбаев - қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек