“Қайраттың“ жас ойыншысы “Челсиге“ ауысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен "Қайраттың" жас талантты ойыншысы Дастан Сәтпаев Англияның "Челси" клубына ауысу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, лондондық клуб талантты ойыншының трансфері туралы шешім қабылдап қойған. Тараптар келісімге қол қойып, ауысым келесі аптада ресми түрде аяқталуы мүмкін. Алайда қазақстандық футболшы 18 жасқа толмағандықтан, келісімшарт түрі құпия сақталып отыр. 

Еске салсақ, қараша айында Сәтпаев "Челси" клубында сынақтан өтіп, жаттықтырушылар штабына жақсы әсер қалдырған еді.

Өткен маусымда Дастан Сәтпаев QJ League жарысында ең бағалы ойыншы атанып, "Қайрат" клубының негізгі құрамында алғашқы ойынын өткізіп, "Ақжайықты" 9:0 есебімен ұтқан кездесуде матчқа қатысқан. Сонымен қатар ол "Қайрат-Жастар" құрамында бірінші лигада бес матч өткізді.

Жасөспірімдер лигасында өткен маусымда ол 12 ойында 19 гол соқты. Сонымен қатар Дастан Сәтпаев Қазақстан U17 жасөспірімдер құрамасының капитаны қызметін атқарады.