Танымал Sofascore статистикалық порталы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турдың үздіктер құрамын жариялады. Оған алматылық "Қайраттың" бірден екі футболшысы енді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қақпасына гол жібермей, қарсыластың жеті соққысын қайтарған қақпашы Темірлан Анарбеков ең жоғары баға — 10 балл алды.
Сондай-ақ турдың үздіктер құрамына оң қапталдағы қорғаушы ретінде "Мьельбюмен" матчта "Қайратқа" жеңіс сыйлаған голдың авторы Еркін Тапалов енді. Портал оның ойынын 8,3 балмен бағалаған.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Мьельбю" арасындағы матч 26 қарашада өтіп, алматылықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұл – команданың еурокубоктардың негізгі кезеңіндегі алғашқы жеңісі.
10 желтоқсанда қазақстандық клуб өз алаңында Румынияның Крайова қаласынан келген "Университатя" командасымен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!