“Қайраттың“ аңызға айналған қақпашысы өмірден өтті

“Қайраттың“ аңызға айналған қақпашысы өмірден өтті
Фото: t.me/fc_kairat

Алматылық "Қайрат" футбол клубының аты аңызға айналған қақпашысы Александр Убыкин дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  QJ League-ке сілтеме жасап.

Александр Убыкин он жылға жуық Қазақстанның жетекші командасының негізгі қақпашысы болды. Ол бірнеше буын жанкүйерінің жадында сенімді қақпашы ретінде сақталды.

Бүгінде футбол алаңында өнер көрсетіп, қақпа күзетіп жүрген талай спортшы оның ойынын көріп, шеберлігін үлгі тұтып өсті.

Freedom QJ League жарысында маусымның үздік қақпашысына берілетін сыйлық Александр Убыкиннің есімімен аталады. Бұл марапат жыл сайын қазақстандық футболдағы қақпашылық шеберліктің биік үлгісін көрсеткен спортшының есімін жаңғыртып отырады.

"Александр Убыкиннің отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, достарына және оны танып, құрметтеген барша жанға қайғыра көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз", – делінген QJ League хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget