- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Сатыбалдыұлының Қаңтар...
Қайрат Сатыбалдыұлының Қаңтар оқиғасына қатысы бар ма?
Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарды. Мемлекеттік мекеме оның Қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыұлын "Көлік сервис орталығы" АҚ мүлкін жымқыру және "Қазақтелеком" АҚ-на мүліктік залал келтіру дерегі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырды.
Кейбір БАҚ мәліметінше, Сатыбалдыұлының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін. Алайда оған тергеудің бұл бөлігі бойынша ешқандай айып тағылған жоқ", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.
Сот өз шешімін былай түсіндірді:
- жеңілдететін мән-жайлардың болуы;
- ауырлататын мән-жайлардың болмауы;
- қылмыстық құқықбұзушылықтарды ашудағы белсенді ролі;
- кінәсін мойындау;
- залалды өтеу;
- Сатыбалдыұлының белсенді ролі және қалған қатысушылардың қылмыстарды ашудағы қосалқы ролі.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шығып, ол алты жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек