Қайрат Сатыбалдыұлынан қандай көліктер тәркіленді?

Қайрат Сатыбалдыұлынан қандай көліктер тәркіленді?
Фото: Антикор

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлынан тәркіленген мүліктің тізімін жариялады. Оның ішінде қымбат көліктер де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол мемлекетке 29 автомобиль, 5 арнайы техника және 3 квадроцикл өткізді.

Антикор мәліметінше, бір жыл бұрын бұл тізімде Bentley, Lexus, Mercedes-Benz G-класты модельдер болған.

Биылғы тізім Bentley, Aston Martin, Rolls Royce сияқты үлгілермен толықты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова