Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Сатыбалдыұлы алты жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сатыбалдыұлы 28-баптың 3-бөлігі; 189-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы; 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айырылсын", - деді Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 СУ судьясы Нұрлан Баяхметов.
Судья орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді тағайындау туралы қаулы шығарды.
Еске салайық, бұған дейін прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлын мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Ал Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!