Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының №2 сотында қаралып жатыр. Қайрат Сатыбалдыұлына "Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру", "Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру" баптары бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған.
Айта кетейік, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!