Қайрат Сатыбалдының анасы Светлана Назарбаева өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов хабарлады.
Светлана Назарбаева 77 жасында өмірден өтті.
Айта кетейік, Светлана Мырзахметқызы Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ "Дәуір" баспасының бас директоры.
Ол Қайрат Сатыбалдыұлының анасы. "Дәуір" мемлекеттік сатып алулар веб-сайтындағы байқауларға үнемі қатысып, осы байқауларда ұдайы жеңіске жетеді. Тек 2022 жылдың өзінде компания 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқан.
Бұл баспаның тұрақты тапсырыс берушілері - Мәдениет министрлігі, "Бөбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитеті.
Көбінесе тапсырыс берушілер бәсекелестікті айналып өтіп, тікелей "Дәуірге" келісімшарт жібереді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!