Қайрат Сатыбалдының анасы өмірден өтті

Қайрат Сатыбалдының анасы өмірден өтті
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Сатыбалдының анасы Светлана Назарбаева өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов хабарлады. 

Светлана Назарбаева 77 жасында өмірден өтті. 

Айта кетейік, Светлана Мырзахметқызы Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ "Дәуір" баспасының бас директоры. 

Ол Қайрат Сатыбалдыұлының анасы. "Дәуір" мемлекеттік сатып алулар веб-сайтындағы байқауларға үнемі қатысып, осы байқауларда ұдайы жеңіске жетеді. Тек 2022 жылдың өзінде компания 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқан.

Бұл баспаның тұрақты тапсырыс берушілері - Мәдениет министрлігі, "Бөбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитеті.

Көбінесе тапсырыс берушілер бәсекелестікті айналып өтіп, тікелей "Дәуірге" келісімшарт жібереді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина