- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Сатыбалды түрмеден...
Қайрат Сатыбалды түрмеден ерте шығуы мүмкін бе?
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының жазасын жеңілдетуге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, кәсіпкер заң аясында өз құқығын қорғай алады.
"Заң шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығару, жазасын жеңілдету сияқты шараларды қолдану мүмкіндігін қарастырады. Онда белгілі бір талаптар бар. Ол үшін (жазаның) қандай да бір мерзімі өтелуі керек іс-әрекеттен келген залалды өтеу шарт. Содан кейін оның мінездемесі, бас бостандығынан айыру орны берген мінез-құлқына берген сипаттамасы және тағы басқа осыған ұқсас жағдайлар ескеріледі", - деді Әсет Шындалиев Сенат кулуарында.
Бас прокурордың орынбасары сотталған адам түзу жолға түссе, мерзімінен бұрын бостандыққа шығы мүмкін екенін жеткізді.
"Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаны ауыстыруды талап ету – бұл сотталған адамның құқы. Сот бұдан бас тартуға немесе талапты қанағаттандыруға құқылы. Сотталған адам сотқа жүгінуге құқы бар. Алайда сот оны (түзету мекемесінен) шығаруға міндетті емес. Тіпті, (сотталған адамның) жазасын өтеу мерзімі жақындаса да, ол түзу жолға түспесе, сот бұл талапты орындаудан бас тартуы мүмкін", - деді ол.
Еске салайық, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының ісі Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралған еді. Ол кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталған болатын.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz