Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов осы уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қанша қаржы қайтарғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2022 жылдан бері жалпы мемлекетке 1 триллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Оның ішінде 732,8 миллиард теңге Қайрат Сатыбалдыға қатысты қатысты іс аясында қайтарылды. Ол қамауда болған кезде қонақүй сатып алды деген мәселеге қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі қарап, нақтылау керек", - деді Арман Тілеукенов.
Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалды 2022 жылы 15 наурызда қамауға алынды. Сондай-ақ бүгін бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі қандай күдікке ілініп, қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз