Алматыда "Қайрат" (Алматы) және "Реал Мадрид" (Мадрид) матчі қарсаңында тегін автобустар жүреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, тегін автобустар матч аяқталғаннан кейін орталық стадионнан негізгі бағыттарға дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:
- Орталық стадион - "Алматы Арена" (тақтайша - А1, жүретін орны - батыс бағыттағы Абай даңғылы);
- Орталық стадион - Райымбек/Алатау (тақтайша - А2, жүретін орны - батыс бағыттағы Абай даңғылы);
- Орталық стадион - "Алматы-1 вокзалы" т/ж (тақтайша - А3, жүретін орны - солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
- Орталық стадион - Орбита ш/а (тақтайша - А4, жүретін орны - оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
- Орталық стадион - Жұлдыз ш/а (тақтайша - А5, жүретін орны - шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
- Орталық стадион - әуежай (тақтайша - А6, жүретін орны - шығыс бағыттағы Абай даңғылы).
Сонымен қатар, қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова