“Қайрат“ өз капитанына қатысты маңызды шешім қабылдады

"Қайрат"футбол клубы Беларусь құрамасының қорғаушысы әрі команда капитаны Александр Мартыновичпен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

38 жастағы ойыншы Алматыда тағы бір жыл өнер көрсетеді.

"Қайрат" тәжірибелі қорғаушы және Беларусь құрамасының капитанымен келісімшартты ұзартқанын қуана хабарлайды. Жаңа келісім 2026 жылдың аяғына дейін жасалған және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін қарастырады", - делінген клубтың ресми хабарламасында.

Александр Мартынович алматылық командаға 2024 жылғы жазда қосылған. Сол уақыттан бері ол барлық турнирлерде 48 матч өткізіп, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

"Сары-қаралар" сапында Мартынович Қазақстан чемпионы атанып (2024), 2025 жылы Суперкубок жеңіп алды және "Қайраттың" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына көмектесті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!