Қайрат Омаров Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкіл лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!