Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент прокуратурасы мәліметінше, сот күдіктіге бұлтартпау шарасын қараған. Бұған дейін ер адам концерт кезіндегі жағдайға байланысты ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.
"Сот күдіктіні қамауда ұстауға санкция беруден бас тартып, оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша сатылған билет саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан айтарлықтай асып кеткен.
Кептеліс салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген болатын. Ал концертті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!