Танымал әнші Қайрат Нұртастың тұңғыш қызы Сезім шетелде оқуға дайындалып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегң парақшасында жазды.
"Сезім дәл қазір Корей елінің университеттерімен танысып жатыр. Қай елде оқитынын әлі нақты шешкен жоқ. Барынша зерттеп көргісі келеді", - деп жазды Сезімнің анасы.
Оның айтуынша, қызы химия, биология бағытына, ғылымға жақын екен.
"Сабырлы, шешімді асықпай қабылдайды. Кез келген жаратылыстағы сұрақтың жауабы ғылымда деп санайды. Әлемнің ең үлкен кітапханаларын аралап шығуды армандайды. Бірде Сезім: "Анашым, мен әлемдегі ЕҢ дегеннің барлығын білгім келеді!" - деді. Ең үлкен кітапхана, ең биік ғимарат, ең көне мәдениет... Ең дегенге ұмтылған ақылыңнан айналайын", - деп тебіренген жазба жариялады Жұлдыз Әбдікәрімова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!