- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртастың жақында...
Қайрат Нұртастың жақында шаңырақ көтерген інісі сынаққа тап болғанын айтты
Танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі, өзі де әнші Заңғар Нұртас қандай сынаққа тап болып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, алғашында жұмысына байланысты ашылған чатқа хакерлік шабуыл жасалған.
"Қытайға келгелі, жұмыс басталғалы көптеген сынақтар алдымыздан келіп жатыр. Чат ашқан күні хакерлер шабуыл жасап, біздің чатты жауып тастады. Одан кейін бір күнімізді жоғалтып, екінші чат ашылды. Көптеген адамдар жоғалып қалды. Қазір Құдайға шүкір жақсы. Екінші проблема біздің салып жатқан дүниелердің барлығын басқа адамдар басқа чат ашып, салып жатыр. Оларға ақша жіберіп қоймаңыздар, ол үшін біз жауапты емеспіз, ертең ақшаңыз жоғалып кетіп, басқа тауарлар келіп жатса, біз жауапты емеспіз, дұрыстап тексеріп, ақшаны жіберіңіздер", - дейді ол.
Әлеуметтік желіден алынған кадр
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова