- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртастың бұрынғы...
Қайрат Нұртастың бұрынғы директоры неге шоу бизнестен кеткенін айтты
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртаспен 16 жыл бірге жұмыс істеген Мира Келімбетова қазір басқа салаға кеткенін айтып, Қайрат Нұртастың отбасымен қарым-қатынасы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған дейін әншінің жұмыстан кетуі туралы түрлі ақпарат айтылып келеді. Жақында Асмира Ермекқызына сұхбат берген Қайрат Нұртастың экс-директоры жұмыстан кетуіне жеке өмірі себеп болғанын, Қайрат Нұртаспен және оның ата-анасымен әлі жақсы қарым-қатынаста екенін айтты.
"Қайратқа да, Гүлекеңе де, Нұрекеңе де рақмет. Өмірімнің жаңа деңгейге шығуы үшін сол ортада, сол отбасында, шоу-бизнес саласында жүргеніме алғыс айтамын. Қайрат та маған алғыс айтты. Біз бауыр сияқты болып кеткенбіз. Мен оған дос ретінде, замандас ретінде әрдайым тілекшімін", – деді ол.
Ол осыған дейін "жұмыстан ақша үшін кетті", "араларында келіспеушілік болды" деген қауесет таратқандарға да жауап берді.
"Жеке өмірімде бір жағдай болды, мен оны мұнда ашып айта алмаймын. Қазір сол жағдайға рақмет деймін, өйткені мені оятқан сол оқиға. Өмірімде сондай жағдай болып жатқан соң Қайратпен жұмысты тоқтатамын деген шешім шығарып, өзім кеттім. Ол жерде ақшаның еш қатысы жоқ. Өзімді танығым келді, өзіммен айналысқым келді", – деді ол.
Мира Келімбетова қазір басқа салаға кеткенін жеткізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева