- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртастың бұрынғы...
Қайрат Нұртастың бұрынғы директоры 100 миллион теңгеден асатын зәулім үйін көрсетті
Қайрат Нұртастың бұрынғы директоры, журналист әрі продюсер Лаура Сейтбек "Жұлдызды шаңырақ" Youtube-жобасында зәулім үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Білікті маман бүгінде 500 мыңнан астам қыз-келіншекке білім беріп, бақытты әрі табысты болуына үлес қосып жүр.
Лаура Сейтбек бұл баспанада тұрып жатқанына 3 жылдан асқан. Ол - депутаттарға арналған үйде тұратынын жасырмады. 200 шаршы метрлі пәтерде 5 бөлме бар. Оның айтуынша, бұл пәтердің қазіргі бағасы 300 мың доллардан (134 миллион теңгеден) асады.
Ол Қайрат Нұртаспен жұмыс істеген кезін еске алды.
"Кейді Қайратты жылатуға тура келетін. Себебі кейде ұшу кезінде қиындық болады. Ол демалып үлгермейтін. Сондықтан оған бизнес-класс тек ыңғайлы жағдай емес, сонымен қатар, демалуға мүмкіндік", - дейді ол.
Бұрын оның гонорары 7000 доллар (3 миллион теңге) еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек