- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртастың әйеліне...
Қайрат Нұртастың әйеліне айтқан әзілі Желіде хит болды
Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Абдукаримоваға ұшақта шағын сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны актриса Жұлдыз Абдукаримова Instagram-парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады.
"Әйелім жоқ", - деп қысқа қайырды Қайрат Нұртас.
Әншінің бұл жауабын естіген Жұлдыз қатты таңғалған.
"Міне, нағыз сенсация", - дейді актриса.
Жұлдыз Абдукаримова күйеуі бар екенін айтып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға ары қарай жауап бермейтінін жеткізген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина