- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртастың Астанада...
Қайрат Нұртастың Астанада жоспарланған концерті өтпейді
Танымал әнші Қайрат Нұртастың 7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Сондай-ақ, концертте Мирас Жүгінісов пен Қазыбек Құрайыш та өнер көрсетуі керек еді.
"7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт уакытша ауыстырылғанын хабарлаймыз. Сатып алынған билеттерді ticketon.kz сайты арқылы кері қайтаруға болады. Барлық сұрақ бойынша ұйымдастырушыларға көрсетілген 8 701 740 06 08 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз!" - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұйымдастырушылар концерттің неге кейінге қалғанын түсіндірген жоқ, алайда қазақстандықтар мұның Қайрат Нұртас тап болған құқықтық проблемаларға қатысы бар деп болжады.
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды
Еске салайық, әнші Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушыны соққыға жыққаны белгілі болды.
Материалдар қарау үшін сотқа жолданды. Әнші ұсталды.
"Бәрі тойдан басталды": Қайрат Нұртасқа қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Әнші жәбірленуші екенін мәлімдеген еді.
"Мен жәбірленушімін. Бірнші мен ұрған жоқпын. Бірінші мені ұрды", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек