Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова "Әсембике" бағдарламасында неге бизнес класспен ұшпайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
YouTube желісінде "Әсембике" бағдарламасының жүргізушісі Айнұр Асанбердіге танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова неге эконом класспен ұшпайтыны туралы айтып берді.
"Мен көбіне бизнес класспен ұшпаймын. Бәрі "неге" деп таңғалады. Неге десеңіз, мен қазір 35 мыңға эконом классқа билет алсам, бизнес класстың бағасы шамамен 85 мың теңге болады, арасында 50 мың теңге айырмашылық бар. Одан да қазір эконом класспен ұшып, барған жерімдегі балаларға қалған 50 мың теңгені таратып бере салғаным жақсы емес пе?", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Еске сала кетейік, жақында Қайрат Нұртастың анасы ұшақта бортсерік қызбен келіспей қалған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!