- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қайрат Нұртастың әкесі...
Қайрат Нұртастың әкесі келініне көлік сыйлады
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ортаншы келініне тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасына отбасындағы бақытты сәттердің бірін бөлісті: ол ортаншы келіні - ұлы Аянның әйелі Әйгерімге күтпеген сыйлық жасады.
Әйгерім мұндай сыйлық күтпегенін айтып, ата-енесіне алғыс білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Баяғыда әкем мен анам айтушы еді: "Балам, ата сыйласаң алдыңа келеді" деп. Сол айтқандай, ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар едім ағайын", - деп жазды Нұртас Айдарбеков.
"Келінге көлік сыйлаған атаны бірінші рет көрдім", "Келіндерін өз қызындай көреді, қандай керемет", "Бұл келініңізді бүкіл Қазақстан болып жақсы көреміз, тұлпары құтты болсын", - деп жазды желі қолданушылары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова