Қайрат Нұртасқа қатысты даулы ақпарат: полиция зорлау дерегін жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты даулы ақпарат тарады. Онда өнер иесі Астанадағы қонақүйлердің бірінде кәмелетке толмаған қзды зорлады делінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, оқиға елордадағы қонақүйлердің бірінде болған. Чаттардың бірінде әнші қонақүйге бір бойжеткенді шақырғаны, оған көрсетілген интим қызмет үшін басқа адам арқылы 240 мың теңге төленгені жазылған.

Алайда кейін екеуінің арасында жанжал туындап, қыз полиция шақырғаны айтылады. Оған бойжеткеннің әншіні рұқсатсыз видеоға түсіре бастағаны себеп болды делінген. 

Бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін редакция Астана қаласының полиция департаментіне ресми сауал жолдады. 

Полиция департаменті зорлау дерегі расталмағанын мәлімдеді.

"10 шілдеде "102" арнасына 2006 жылы туған қыздан хабарлама түсті. Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адам өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағанын айтқан. Бұл хабарлама бойынша заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізілді.  Алдын ала мәліметке сәйкес, қонақүйге келушілер арасында жеке сипаттағы жанжал болған. Қазір бұл жағдай шешімін тапқан", - делінген жауапта. 

Полицияның мәліметінше, арызданушы шағымынан бас тартқан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!