Қайрат Нұртас тағы бір концерттің тізімінен шығарылды

Қайрат Нұртас "Металлургтер күні" және Ақсу қаласы күніне арналған хедлайнерлердің жұлдызды тізімінен шығарылды, өйткені ол 19 шілдеде ұшақта төбелескені үшін қамауда отырады. Ақсу ферроқорытпа зауыты ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodar News сілтеме жасап.

Қайрат Нұртасты басқа әртіспен алмастыратыны туралы ақпарат әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар жаңартылған тізімді кейінірек Instagram-парақшада жариялауға уәде берді. Ақсуда жоспарланған шоу-бағдарлама бойынша, жергілікті тұрғындарға "Роял бит" барабаншылары, Luina және Kaliforniya секілді әншілер өнер көрсетеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!