Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Ақтауда бірге демалып жүргенін жариялады

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Ақтауда бірге демалып жүргенін жариялады
Фото: instagram.com/kair_n/

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова "ажырасып кетті" деген қауесетті жоққа шығарып, бірге түскен бейне жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көптен бері көрінбеген Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Ақтау қаласындағы би кешінде көзге түсті.

Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында Жұлдызбен романтикалық кеште билеп жүрген видеосын жариялады. Жұлдызды жұп Ақтауда демалып жатыр екен. 

Еске салайық, көптен бері бірге көрінбеген жұлдызды жұпты көпшілік ажырасып кетті деп те топшалаған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева