Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған

Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Роликте Қайрат Нұртас көліктің артында отырғанын көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

Жетісу облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында жол ережесін бұзған. Яғни қозғалысқа тыйым салынған жерде көлікпен жүріп өткен. 

Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы жүргізуші Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина